KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Бүгін Шығыс Қазақстаннан 2000-ге жуық бозбала әскерге аттанды

8.04.2013, 18:00 176


Бүгін Шығыс Қазақстанда 2000-ға жуық бозбаланы салтанатты түрде әскер қатарына шығарып салды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық ақпарат орталығының мәліметіне сілтеме жасап.

Аймағымыздан Отан алдындағы борыштарын өтеуге аттанғалы тұрған жастарға көптеген жылы лебіздер айтылды. Ұлы Отан соғысының ардагері Дмитрий Москальцев болашақ сарбаздарға олардың алдында туған жерлерін, Отанымызды қорғау парызы тұрғанын ескертті.

«Қазір бейбіт заман, соғыс кезінде біз достық пен ынтымақтастықтың арқасында қиындыққа төтеп бердік. Мен сіздер барған жерлеріңізде үлгі боларлық іс-әрекет көрсетеді деп сенемін. Шығыс Қазақстанның абыройын асқақтата беріңіздер» деді ардагер өз сөзінде.

Жас жауынгерлерге арналып сарбаздардың ботқасы, басқа да дала тамағы әзірленген болатын. Жастар осылайша әскери өмірдің алғашқы дәмін татып көрді.

Бозбалаларды әскер қатарына келісімшартпен тарту жөніндегі жедел пункт кәдімгідей лагерь құрып тастапты. Осы жерде сарбаздар әскери жаттығулар мен қару-жарақты қолдану әдістерін көрсетті.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив