KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтар да зейнетақы аударымдарын жүргізуге міндетті

4.04.2013, 18:00 181


Енді еліміздегі өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтар да зейнетақы аударымдарын жүргізуге міндетті болмақ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақымен қамту туралы Заң жобасында осылай делінген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өзін-өзі еңбекпен қамтушы мәртебесін анықтау және оларды табыс көзі бар жұмысқа тартуды («Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы) нақтылау бойынша атқарылған шаралардың нәтижесінде аталмыш мәртебеге ие адамдар еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне міндетті түрде қатысуы талап етіледі.

Сонымен қатар 2017 жылдан бастап жарналарды төлеу тәртібі өз-гермек. Өзін-өзі еңбекпен қамтушы бүкіл тапқан табысын көрсетіп және сол сомаға сәйкес зейнетақы жарнасын аударады. Егер олар зейнетақы жүйесіне қатыспаса, жасы жеткен уақытта мұндай топтағы адамдарға күнкөріс деңгейі көлемінен 50 па-йыздан аспайтын ғана зейнетақы төленеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив