KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
440.9 475.95 4.82

Мешіттерде жамағаттың діни сауатын ашуға арналған семинарлар өтіп жатыр

4.04.2013, 18:00 161


Мешітке жиі келетін жамағаттың діни сауатын ашу мақсатында имамдар семинар жүргізуді қолға алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семинардың бірінші бөлімі ақпан айында өткен. Жамағаттың екінші тобы наурыздың басынан бастап оқытылуда. Семинар аяқталысымен жамағат емтихан тапсырып, Құран аяттары мен сүрелерінің мағынасын түсіндіреді. Өздерінің діни білімдерін дәлелдей алғандар арнайы сертификатқа ие болады.

– Бас мүфтидің бастамасымен біз жамағатты оқытып жатырмыз, ақпанда 22 адам сертификатқа ие болды. Бұны әрі қарай жалғастырамыз, – дейді ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат Қуанышұлы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив