KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность жел 2 м/с, В
443.35 475.54 4.82

Шығыс Қазақстан облысында мешітке келушілердің діни мәдениеттерін көтеру курстары ашылды

13.03.2013, 18:00 206


Шығыс Қазақстан облысында діни мәдениетті қалыптастыру бойынша семинарлар қайта жанданды. Үстіміздегі жылы сабақтар енді имамдар үшін емес, мешітке келушілерге арналады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы қала мен аудандардың имамдары үшін бір айлық курстар өткізілген болатын. Бұл шара еліміздің Бас муфтиі Ержан қажы Маямеровтың ШҚО Семей аймағының өкіл имамы болып тұрған кезде сол кісінің бастамасымен жүзеге асқан еді.

Ақпан айы бойы облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 23 адам Семей қаласындағы мешітте дәріс алды. Емтиханды үздік тапсырған оқушыларға Семей өңірі бойынша жаңадан сайланған өкіл имам Мақсат Алтыбай арнаулы сертификаттар тапсырды.

Мешітке белсенді түрде келетіндерді оқыту мақсаты олардың діни білімдерін тереңдету, қоғамдағы діни экстремизмнің алдын алу және ханафит мазхабтың негізгі принциптерін үйрету болып табылады. Сонымен қатар білімдерін жетілдірген мешітке келушілер жергілікті имамдарға жамағатқа исламның негіздерін түсіндіруге, діни экстремизмнің алдын алуға көмектеседі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив