KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
483.23 534.74 5.12

Шығыс Қазақстан облысындағы Меновное ауылдық округы Өскемен қаласының құрамына кірді

1.04.2013, 18:00 290


Шығыс Қазақстан облысындағы Меновное ауылдық округы Өскемен қаласының құрамына кірді. Билік басындағылардың ресми позициясын халыққа түсіндіру мақсатында Өскемен қаласы әкімінің өкімімен арнаулы жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сүйеніп.

Жұмысшы топты аппарат жетекшісі Ермұхан Дәменов басқарады. Топ мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесіп, жағдайды түсіндірді.

«Қазір қалалық әкімдік Меновное ауылдық округының 7 ауылынан басқа Прапорщиково, Опытное поле, Радужный және Солнечный кенттерін де облыс орталығына қосу мәселесін қарастырып жатыр. Қала әкімі Серік Тәукебаев бұл ұсынысты қостап отыр. Аталмыш елді мекендер Өскеменмен экономикалық, мәдени-тұрмыстық тығыз байланыста, әлеуметтік және техникалық инфрақұрылымдары ортақ Аталған ауылдарды қалаға қосу тұрғындар үшін тек қолайлы жағдай туғызады» деп атап өтті Ермұхан Дәменов.

Бүгінгі таңда Меновное ауылдық округын таратып, оның барлық функцияларын Өскемен қаласы әкімінің құзырына беру жұмыстары жүріп жатыр.


«Әкімшілік реформаның басты мақсаты корпоративті басқаратын және қоғам алдында жауап бере алатын мобильді мемлекеттік кәсіби аппарат құру . Меновное ауылдық округы облыс орталығының қарамағына өтетін болса, онда тағы бір әкімдікті ұстаудың қанша қажеті бар? Біз барлық сұрақтарды тұрғындардың өтініш-тілектерін басшылыққа ала отырып шешеміз» деп түсіндірді топ жетекшісі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив