KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 1,6 м/с, ОШ
447.08 484.41 5.01

Семейлік «Алалем» дизайн-студиясы өздерінің 2013 жылғы жаңа композицияларын ұсынды (+сурет)

28.03.2013, 18:00 345


Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Алалем» дизайн-студиясы Наурыз мерекесіне арнап өздерінің 2013 жылғы жаңа композицияларын ұсынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен көмкерілген киім үлгілерін көргенде, шіркін, жастарымыз осындай киімдерді күнделікті киіп жүрсе ғой деп ойлайсыз. Сонымен қатар, «Томирис» коллекциясын көргенде сонау тарих тұңғиығындағы сақ патшайымы Тұмар ханымның дәуіріне саяхат жасағандай сезімде боласыз. Жас бүлдіршіндер Альнура, Аружан, Олеся есімді сүйкімді қыздар сахнада өздерін еркін ұстап «Наследие», «Модницы» топтамасын көрсетті. Солайша, студенттеріміздің қолынан тігілген он алты киім үлгісі бірінен бірі өтеді.
Семейлік «Алалем» дизайн-студиясы өздерінің 2013 жылғы жаңа композицияларын ұсынды (+сурет)
Семейлік «Алалем» дизайн-студиясы өздерінің 2013 жылғы жаңа композицияларын ұсынды (+сурет)
Көрсетілім соңында 2013 жылдың үздік моделі анықталды. Қазылар алқасының шешімімен бұл атаққа музыкалық білім беру кафедрасының 3 курс студенті Алуа Әзілханова лайық деп танылды. Ескі мен жаңаны, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарымызды бойына берік ұстанатын нағыз қазіргі заманғы қазақтың ару қызы Алуа оқуын тәмамдағаннан кейін музыка сабағының оқытушысы болмақ. Осындай мұғалімнен білім алған оқушы ертеңгі күні жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай азамат болып шығары сөзсіз.

Дизайн-студияның жетекшісі, СМПИ бейнелеу өнері және сызу кафедрасының аға оқытушысы, ҚР дизайнерлер одағының мүшесі Айсұлу Алданаеваның айтуынша «Алалем» деген атауды тектен-тек қоймапты. Ала әлем, алуан түсті әлем, құбылмалы түсті әлем деген мағыналарды білдіретін «Алалем» дизайн-студиясы жыл сайын қаламыздың тұрғындарына алуан түсті топтамаларын таныстырып, жарқын таланттарымен қуантып келеді.

Дизайн-студияның сән қыздары, болашақ ағарту ісінің мамандары жай ғана әдемі киініп сахнаға шығып қана қоймай, әрбір костюмге өз ойларын қосып, дизайнерлер Ғалия Жанқабаева, Жұлдыз Нұргазинамен бірге жаңа киім үлгілерін тігісті. Ару қыздарымыздың жаңа композицияларының мазмұны музыкалық хореографиялық образдар арқылы ашыла түсті. Оларды дарынды хореограф Сауле Быдықова дайындады.


Анар Қуанғалиева

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив