KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Қожалық басшылығы еңбек озаттарын ақшалай-заттай сыйлықтармен марапаттады

26.03.2013, 18:00 165


Ұлан ауданы, Отрадное ауылының тұрғындары өткен жылдың соңында өздерін жұмыс орындарымен қамтыған «АгроБАМ» шаруа қожалығының құрылғанына 15 жыл толуын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл шаруашылық жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне айтарлықтай ықпалы бар іргелі құрылымға айналып келеді. Былтыр асыл тұқымды ірі қара мал өсіру шаруашылығы құрылды. Қазіргі кезде 500 бас ірі қара малын бордақылау алаңы мен мал сою пункті жұмыс істеп тұр.

Осы шаруа қожалығының басшысы Жақсылық Қасенов ауылдың әлеуметтік мәселелеріне көңіл бөліп, Отрадное ауылындағы мәдениет үйін мемлекеттік коммуналдық мекемесіне қайтарды. Мұндағы фельдшерлік пунктті қарамағына алып, жүйелі көмек көрсетуде. Ауылдағы жаңа мектептің ашылуына орай 50 мың теңгеге аквариум сыйға тартты.

Қожалық басшылығы шаруашылықтың 15 жылдық тойын мәдениет ошағында атап өтіп, жалпы жиыны 35 еңбек озатын қосқан үлестеріне қарай 100 мың теңгеге дейін ақшалай-заттай сыйлықтармен марапаттады.


Әлімжан Қадылбекұлы


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив