KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Бородулиха ауданында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Наурыз» мейрамы өткізілді

20.03.2013, 18:00 113


Бородулиха ауданындағы Камышенка орта мектебінде мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Наурыз» мейрамы өткізілді. Мерекелік кешке ауданның Бородулиха, Белағаш және Новопокровка округтерінен балалар шақырылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Кешке жиналғандарға балалар концерттік бағдарламаларын ұсынды. Балалар өлең айтып, би билеп, келген қонақтардың көнілін көтеруге тырысты, олардың әдемі көз тұнарлық костюмдері көңілді қуантты. Қазақтың салт дәстүріне қатысты ойындар өткізілді. Балалар ойынға қатысып риза болды.
Концерттен соң қонақтар мерекелік дастарханнан дәм татты.
Бородулиха ауданында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Наурыз» мейрамы өткізілді
«Осы көктемгі мерекені өткізуге көмектескен демеушілерге, шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерге шексіз алғысымызды білдіреміз. Концерт үйымдастырған ұстаздар мен оқушыларға көп рахмет. Бұл күнде біздің балалар елеусіз қалған жоқ. Олардың жүздеріне күлкі үйірілгенін көрудің өзі біз үшін зор бақыт» дейді ата-аналар.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив