KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Қазақстанда Наурыз мейрамын жаңаша атап өту ұсынылды

5.03.2019, 11:12 128

 

Наурыз мейрамының форматын өзгертуді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсынып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Министрдің ойынша, бұл мерекеде балалар басты назарға алынуы тиіс.

 

- Наурыз мейрамы жалпықазақстандық сипатқа ие болуы керек. Біз оны қазір қалай тойлаймыз? Көшеге шығамыз, біраз серуендейміз. Ал балалар назардан тыс қалып қояды, - деді министр парламент отырысында.


Арыстанбек Мұхамедиұлы оқушылар мен студенттерге наурыз айында демалыс беруді алға тартып отыр.  Ол күнтізбелік Жаңа жылды мысалға келтіріп, Наурыз мейрамы кезінде балалар оқуда болғандықтан, мерекелік көңіл-күйде болмайтынын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив