KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Семейде жылу энергиясына 1,5 миллион теңге қарызы бар үйлер бар

17.03.2013, 18:00 163


Семей қаласының сот орындаушылары жылу энергиясының қарыздарын жинау мақсатында күн сайын рейдтер жүргізеді , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі

Заңгерлер қазірдің өзінде жылу энергиясының қарыздарын өндіріп алу жөнінде 929 құжатты дайындап қойды.

Үстіміздегі жылдан бастап сот орындаушыларына мәліметтердің бірыңғай электронды базасы жақсы сеп болды, онда азаматтардың жұмыс орны, жалақысы сияқты мәліметтердің барлығы көрсетілген..
Осындай тәсілмен жыл басынан бері 2 миллион теңге өндіріліп алынды.

«Жылукуммунэнерго» мекемесінің менеджері Жаңыл Сабденованың айтуынша, Ломоносов көшесі, 24 үйдің тұрғындарының берешегі 1,5 миллион теңгеден асып кетеді.
Семейде жылу энергиясына 1,5 миллион теңге қарызы бар үйлер бар
«11-пәтердің иелерінің қарызы 105 000 теңге, 60-пәтердікі– 74 000, 80-пәтер – 158 000, 85-пәтер тұрғындары – 229 000 теңге қарыз. Қазір борышкерлердің істері сотқа жіберілді, олардың дүние-мүліктері алынып жатыр» деп түсіндірді Жаңыл Сабденова.

Тағы бір проблема – квартиранттар. Олар пәтерлерді жалға алғандарымен коммуналды төлемдерді өтеуге асықпайды.

Сот орындаушылары «Жылукоммунэнерго» мекемесінің қызметкерлерімен Ломоносов, Физкультурная, Докучаев көшелеріндегі үйлерді аралап шықты.

Көп жағдайда есікті ешкім ашпаған. Заңгерлер есікке қарызды өтеу жөнінде ескерту қыстырып кеткен.

Сот орындаушысы Әсем Нұржақыпова айтқандай, ескерту алған борышкер бес күн ішінде қарызды толық немесе ішінара өтеуге тиіс екен. Олай болмаған күнде оның дүние-мүлкі, тіпті пәтері де алынып қояды.

Флора Левина

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив