KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Сәуір айынан бастап мемлекеттік білім берудің жинақтау бағдарламасы жұмыс істейді

14.03.2013, 18:00 114


Сәуір айынан бастап мемлекеттік білім берудің жинақтау бағдарламасы қолға алынады. Бұл бағдарламаның кәдімгі депозиттерден айырмашылығы банктік сыйақыдан бөлек, салымшының әлеуметтік жағдайына қарай 5-тен 7% аралығында мемлекеттік сыйақы қосылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

"Бұл бағдарламаның кәдімгі депозиттерден айырмашылығы банктік сыйақыдан бөлек салымшының әлеуметтік жағдайына қарай 5-тен 7% аралығында мемлекеттік сыйақы қосылады. Және ол жиналған қаржының көлеміне байланысты жыл сайын үстемеленіп отырады. Бір айта кететіні, мемлекеттік сыйақы көлемі 100 АЕК-тен аспауы тиіс" деді «Қаржылық орталық» АҚ-ның президенті Забира Оразалиева.

Ол үшін еліміздің кез келген азаматы банкте білім берудің жинақтау есепшотын аштырып, келешекте оқуына қажетті қаржыны жинай алады. Салымшының алғашқы жарнасы 3 АЕК-тен кем болмауы керек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив