KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

ШҚО-да тілдік пәндердің мұғалімдеріне 1 млн. теңгеге дейін сыйақы беріледі

24.08.2018, 10:08 181

Аймақта облыс әкімінің тапсырмасымен тілдік пәндердің мұғалімдерін ынталандыру мақсатында, сыйақы төленетін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


- СЕLTA сертификаты бар біздің жаттықтырушылардың тіл оқытуына  бюджеттен қосымша қаржы бөлінбейді. Бірақ мен Білім басқармасына  халықаралық емтихан қорытындысы бойынша жақсы деңгейге шыққан жаттықтырушыларға қаржылай сыйақы қарастыруды тапсырамын, - деді Даниал Ахметов тамыз конференциясының отырысында.


Халықаралық емтихандардың және білім алушылардың білім сапасына диганостика жасау нәтижелері бойынша 2017 жылы 12 мұғалім, ал осы жылы – 18 мұғалімге сыйақы қарастырылған.


Бір реттік сыйақының мөлшері - 170 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейін.


Сонымен қатар, білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу аясында жаратылыстану-ғылыми топтамасындағы жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқытуды енгізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта облыстың 82 мектебінде сабақ беретін  В1 және В2 деңгейіндегі 730 мұғалім даярлықтан өтті. Олар еңбекақыларына қосымша 30% мөлшерінде үстеме алатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив