KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Радио жұмысына белсене араласқан семейлік белсенді студенттер қаржылай сыймен марапатталды

14.03.2013, 18:00 196


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Ш. Әмірбеков радио жұмысына белсене араласқан белсенді студенттерді бір айлық шәкіртақы көлеміндегі қаржылай сыймен марапаттады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Өткен жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде радио студиясы ашылып, хабар тарата бастаған.
Осы жаңалық бірінші кезекте журналистика бөлімінде оқып жүрген студенттердің айрықша қызығушылығын туғызды. Көптеген студенттер өздерінің авторлық бағдарламаларын дайындап, университет қабырғасында жүріп журналистика мамандығын іс жүзінде меңгеруге мүмкіндік алды.

"Жалпы, журналистика шығармашылық мамандық. Сондықтан, журналистика мамандығында оқитын студенттердің БАҚ саласында жүріп шыңдалуына көбірек көңіл бөлінуі керек. Университет студенттерінің қатысуымен «Студент әлемі» газеті, радио жұмыс істейді. Жақын күндері телестудия жұмысқа қосылып, студенттер өздері дайындаған хабарды университет корпустарына таратуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, журналистика мамандығының 3- курс студенті Айбек Қосанов «Шығыс шұғыласы» атты облыстық жастар газетін шығаруды қолға алды" дейді редакциялық- ақпарат орталығының бастығы Дәулет Тілеубердиев.
Қарлығаш Хауасбаева




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив