KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстандағы Жаңа Бұқтырма кентінде қонақ үй салынады

13.03.2013, 18:00 126


Туристік бизнесті дамыту шеңберінде Шығыс Қазақстандағы Жаңа Бұқтырма кентінде «СпецЦементМонтаж» ЖШС 75 орындық қонақ үй салуды көздеп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ол үшін кенттің кіре берісінде қараусыз қалған, құрылысы аяқталмаған ғимаратты салып бітіру жоспарланған. Бұрын бұл жерде қонақ үй мен жатақхана құрылысы басталған болатын. Аяғына дейін бітпеген ғимарат елді мекеннің сәнін кетіріп тұрған еді.

Типтік ғимаратта бір қабатқа бір ғана дәретхана қарастырылған. Әрине бұл қазіргі заманауи талаптарға сай келмейді. Юрий Киселевтің айтуынша, қазір қонақ үйдің бүгінгі заманға сай жобасы жасалап жатыр.

Жаңа бизнес көп қаражатты талап ететіндіктен, қазір қаржы көзі іздестірілуде. Зырян аудандық бөлімінің бастығы Ғалия Алпыспаеваның атап өткеніндей, «СпецЦементМонтаж» кәсіпорны «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысып, несиені жабатын субсидия алуына болады.

Серіктестіктің бұдан басқа да жобалары жеткілікті. Алайда олардың жүзеге асу-аспауы әлі белгісіз.

Оксана Сосновская,

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив