KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 4 м/с, Ю
440.92 475.36 4.82

Бірінші имамдар бір айлық семинардан кейін сертификаттар алды

28.03.2012, 18:00 216


Арнайы семинар аяқталған соң Абай, Аягөз, Жарма, Үржар, Бесқарағай, Көкпекті, Бородулиха аудандарындағы ауылдық мешіттердің 21 молдасы арнайы куәлік - сертификаттар алды.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының соңында Семей қаласының Төлеубек қажы атындағы мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағы бойынша өкілдігімен облыстың қалалары мен аудандарының имамдары үшін бір айлық семинар ұйымдастырылды. Имамдардың діни сауаттылығын арттыру, тұрғындар арасында діни экстремизмнің алдын алу - семинар ұйымдастырушыларының қойған негізгі мақсаты еді.

Семинарда ҚР заңдарынан басқа мешіт өкілдеріне діни бағыттар бойынша дәрістер оқылып, пайғамбар оқиғалары айтылды, уағыздар оқылды.

Осындай бір айлық семинарларды жылдың аяғына дейін өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ШҚО әкімінің ақпараттық орталығынан. Жалпы алғанда жылдың аяғына дейін Қазақстан мұсылмандарының Семей аймағы бойынша діни басқармасына қатысты 200 ауыл молдасы мен имамы, олардың көмекшілері білім алып, өздерінің кәсібилігін арттыратын болады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив