KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
440.92 475.36 4.82

Ауыл имамдары өз біліктіліктерін көтерді

4.04.2012, 18:00 198


Абай, Аягөз, Жарма, Үржар, Көкпекті, Бесқарағай және Бородулиха аудандарына қарасты ауылдық мешіттердің имамдары арнайы куәліктерге ие болды.

Естеріңізге салсақ, Семейдегі Төлеубек қажы атындағы мешітте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Семей өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыс имамдарына арналған бір айлық семинар өткен. Діни сауаттылықты арттыру мен ел ішіндегі теріс ағымдарға тосқауыл қоюды мақсат еткен семинарда құран және тәһажуд, шариғат, ақида (таухид), фикһ, уағыз жүргізу, пайғамбарлардың өмір жолдары, еліміздің заңдары және басқа да тақырыптарда дәрістер жүргізілді.

Мұндай шаралар жыл соңына дейін жалғаспақ. Соның арқасында Семей өңіріне қарасты 200-ден астам мешіт имамдары мен қызметкерлері діни біліктілігін жоғарылатады.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив