KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкер болуды армандаған студент есірткі сатып қолға түсті

10.03.2013, 18:00 154


Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті наркобизнеспен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласында марихуана сатпақ болған 23 жастағы студентті қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жас жігіт еш жерде жұмыс істемейді, бұрын сотталмаған. Жергілікті жоғары оқу орындарының бірінде 4 курста сырттай оқитын жігіт болашақта мемлекеттік қызметкер болуды армандапты.

Қылмыскердің айтысына қарағанда, есірткі сатып, оқуының ақшасын төлемек болған. Есірткіні аз партиямен сатсам, қылмыстық жауапқа тартылмаймын деп ойлаған.

Алайда басқарма қызметкерлері есірткінің салмағының қанша екені маңызды емес екенін айтады.
Жолы болмаған студент қазір қамауға алынды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 2-тармағы бойынша жауапқа тартылады. Есірткі заттарын заңсыз алғаны, сатқаны үшін ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив