KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

«Саябақтар шеруі» Семейде өтті

2.04.2012, 18:00 214


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Саябақтар шеруі» атты табиғатты қорғау акциясы өтті.

«Саябақтар шеруі» табиғатты қорғаудың халықаралық шарасы бүкіл әлем бойынша, соның ішінде Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолдау көрсетуді көздейді. Акцияның негізгі мақсаты - биліктің, бұқаралық ақпарат құралдарының, бизнестің және бүкіл қоғамның назарын еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мәселелерге аударту, осындай аумақтарға іс жүзінде көмек көрсету, отандастар санасында өзіміздің табиғи және мәдени мұраларымызға деген мақтанышты ояту», - дейді Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің бастығы Ғалия Смайылова.

«Саябақтар шеруіне» қолдау көрсетіп жатқан ұйымдар мен кәсіпорындарды ерекше атап өткен жөн. Олар «Каражыра ЛТД» ЖШС, «Салауат» ұйымы, Семей қаласының ішкі саясат бөлімі, қалалық білім беру бөлімі, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті және Шығыс Қазақстан облыстық «Жасыл Ел» штабы.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив