KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность Штиль
443.72 482.28 4.9

Норвегиялық және халықаралық бірқатар саясаткерлермен екіжақты кездесулер өткізді

5.03.2013, 18:00 117


Норвегияға сапары аясында ҚР Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның Төрағасы, Назарбаев орталығы директоры Қанат Саудабаев ядролық қаруды таратпау мен қарусыздандыру саласындағы норвегиялық және халықаралық бірқатар саясаткерлер және сарапшылармен екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Назарбаев орталығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қанат Саудабаев Норвегия Стортингінің (Парламентінің) вице-президенті Марит Нюбак, «Парламентарийлер ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру үшін» (ПЯНР) халықаралық ұйымының жаһандық үйлестірушісі Алын Варэ, сондай-ақ танымал американ әртісі, ядролық қарусыздандыру үшін қозғалысының белсендісі Мартин Шинмен кездесті.
«Мен Қазақстанға ядролық қарусыздандыру ісіндегі жүйелі үлесі үшін айрықша құрмет білдіремін», - деп атап көрсетті ПЯНР-дың тел-президенті саналатын М.Нюбак. Оның пікірінше, екі ел ынтымақтастығының осы саласындағы, атап айтқанда, халықаралық форматтағы Қазақстан мен Норвегияның ынтымақтастығын өсіру және ары қарай дамыту керек.
Сондай-ақ М.Нюбак осы жылдың ақпан айындағы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіқалықова бастаған қазақ елінің делегациясының, тараптардың екі елдің гендерлік саясат пен теңдік саясатын қолданудың бірқатар мәселелерін талқылаған сапарының маңыздылығы мен жемістілігін атап өтті. Өз кезегінде Қанат Саудабаев тұлғаның жынысына қарамастан, барлық әлеуметтік салада өзін-өзі жетілдіріп көрсете білуі үшін теңдей жағдай жасау қазіргі Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды бағыты екеніне сұхбаттасының назарын аударды.

Назарбаев орталығы директорының А.Варэмен кездесуі барысында Қазақстанның ПЯНР-мен өзара әрекетінің практикалық аспектілері, 2012 жылы тамызда ҚР Парламенті Мәжілісімен «Назарбаев орталығы» және ҚР СІМ бірлесіп ұйымдастырған «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» халықаралық конференциясы талқыланды.
Сұхбаттастар Ядролық қарусыз әлемнің Жалпыға ортақ декларациясы және «АТОМ» Жобасы сияқты Қазақстан Президентінің халықаралық бастамаларын ары қарай алға бастыру жоспарларын талқылады, осыған байланысты БҰҰ-ның белгілеуімен жыл сайын 29 тамызда атап өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы күрес күнінің маңыздылығына тоқталды.

Сұхбат барысында Қанат Саудабаев пен Мартин Шин әлемдегі ядролық қаруды қысқартудың жаһандық күш-жігерін ары қарай ұлғайта түсудің маңыздылығына көңіл аударды. «Назарбаев орталығының» директоры М.Шинді еліміздің ядролық қарусыздандыру тәжірибесімен жете танысу үшін Қазақстанға келуге шақырды. Бәрінен бұрын, «Западное крыло» сериалынан «АҚШ Президенті Джед Бартлет» ретінде танымал М.Шин ядролық қауіп-қатерді қысқарту ісіндегі Қазақстанның қосқан үлесінің маңыздылығына тоқталып, осы саладағы ынтымақтастықты дамыту мен ұлғайтуға ниетті екенін білдірді.

Осы күні делегация мүшелерінің Норвегия халықаралық қатынастар институтының (NUPI) директоры Ульф Свердруп, ПЯНР-дың тел-президенті, Шотланд Парламенті мүшесі Билл Кид және басқалармен кездесуі өтті.
У.Свердруппен кездесу барысында халықаралық саясат пен қауіпсіздік салаларындағы ғылыми зерттеулер жүргізу сияқты екі орталықтың қызметтеріндегі басым бағыттарының үйлесетінін көрсете отырып, өзара мүдделі ынтымақтастық үшін үлкен потенциал бар екенін атап көрсетті.

Өз кезегінде Қазақстанда бұрын болған Б.Кидд еліміздің іс жүзіндегі қарусыздандыру тәжірибесін халықаралық қауымдастыққа барынша кеңінен жеткізу қажеттілігі және ядролық жарақтануды қысқартудың жаһандық күш-жігері үшін республиканың ядролық қарусыздандыру үлгісінің маңыздылығын айтты.

«АТОМ» Жобасының Құрметті Елшісі Кәріпбек Күйіковтың шығармашылығымен танысқан Б.Кидд «оның «Алғашқы жарылыс» сияқты картиналарында дәл және анық бір ғана – ядролық қару қатерлі, адамзат одан азат болу үшін күш-жігерін танытуы керек деген ой айтылатынын» атады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив