KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскеменде күріш пен сұйық май арзандатылған бағамен сатыла бастайды - Тұрақтандыру қорының шешімі

15.02.2012, 18:00 148


Тұрақтандыру жөніндегі қор комиссиясының отырысында азық-түліктің екі түрін - күріш пен сұйық майды сата бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарланды облыс әкімінің ақпараттық орталығынан.

Тұрақтандыру қорының өнімі бағаның өсуімен күресуге көмектеседі. Өткен жылмен салыстырғанда көкөністердің, сұйық май мен жарманың бағасы төмендеді. Мамандардың айтуы бойынша, Тұрақтандыру қорында жиналған бұл азық-түліктердің көлемі ағымдағы жылдың мамыр айына дейін көкөністер бағасын қазіргідей деңгейде ұстап тұруға көмектеседі.

Өңірде Тұрақтандыру қорының операторы ретінде «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы - «Шығыс-Самғау» ЖШС болып табылады. Тұрақтандыру қорының Өскемендегі арнайы сауда нүктесі - муниципалды «Жәрдем» базарындағы бөлімше мен «Апельсиновый рай» супермаркетінің сауда нүктелері желісі, сондай-ақ Семейде «Тамаша» супермаркеті мен өзге де дүкендер желісі болып табылады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив