KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 2 м/с, З
450.79 482.21 5.05

Астаналық 5 мың мемлекеттік қызметкер енді ауылдарды көркейтетін болды

27.02.2013, 18:00 267


Астана қаласында жұмыс істеген 5 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер енді ауылдық әкімдіктерге қызметке ауысады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Ғабидулла Абдрахимов журналистермен кездесу барысында мәлім етті.

«Үстіміздегі жылы орталықтың көптеген өкілеттілігі аймақтарға ауыстырылады, сондай-ақ орталық органдардағы 5 мың қызметкер ауылдық әкімдіктердің мамандарының қатарын толықтырады. Ауыл дегеніміз жергілікті тұрғындармен күнделікті тығыз байланыс жүріп жататын елді мекен» деді Абдрахимов журналистерге ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында.

Астаналық мамандардың ауылды жерлерге баруы іссапар болып саналмайды.

«Бұл жерден мамандар іссапарға жіберіле алмайды, өйткені әртүрлі бюджеттен қаржыландырылады. Біз министрліктердегі штат бірліктерін алып, ауылдық әкімдерге береміз. Әрине, біз қазір қызмет істеп жүрген адамдардың зардап шекпегендерін қалаймыз. Олардың басым бөлігі бос лауазымды орындарға барады, қалғандарын функциялары қайталанатын лауазымдарға жібереміз», — деді Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.

Қазақстанда ауылдық әкімдерді сайлау биыл тамыз айында өтеді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив