KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Кеңестің отырысында мақұлданбаған жобалар толықтыруға жіберілді

27.02.2013, 18:00 153


Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бойынша үйлестіру кеңесінде өңірден Индустрияландыру картасына енгізілетін жаңа инвестициялық жобалар талқыланды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өте маңызды жобалардың қатарында Курчатов қаласынан ұсынылған мұнай-газ қондырғыларын тазарту және залалсыздандыру жобасын атауға болады. Құны – 1,6 млрд. теңге. Барлық шығындар инвестордың есебінен жүргізілмек. Болжамды іске қосылу уақыты – осы жылдың қазан-қараша айлары деп межеленуде.

"Бүгінгі кеңестің отырысында мақұлданбаған жобаларды толықтыруға жібереміз. Әкімдерге барлық жобалардың дайын күйінде түсуін, мұнда талқылап, уақыт өткізіп отырмауымыз керектігіне баса мән берулерін ескертемін. Қаражат бар, егер жақсы жоба болатын болса, міндетті түрде қолдайтын боламыз. Басты мәселе – кедергілер мен тосқауылдарды барынша қысқарту. Адамдарды мекемелерден мекемелерге босқа сандалта бермей, уақытты босқа созбай нақты-нақты жұмыс істеу қажет. Жоғарыда айтқанымдай, жерді пайдалануды мұқият егжей-тегжейлі зерттеп, ауылдық округтерге беру керек" деді кеңес жұмысын қорытындылаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив