KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Индустрияландыру картасына инвестициялық жоба ұсынбаған аудандар бар

31.01.2013, 18:00 150


Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүргізіліп жатқанына екі жылдан асса да облыстың Индустрияландыру картасына бірде-бір жобасын ұсынбаған аудандар бар. Мысалы, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Катонқарағай, Көкпекті аудандарынан ешқандай инвестициялық жоба түспеген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл орайда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығының жұмысын сынға алды. Аймақ басшысы басқарма сол жобалардың жасалуына өзі ұйтқы болып, жергілікті жердегі әкімдіктердегі ұйымдастыру- түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін қадағалап, оған бақылау жасауы қажет . Экономикадағы негізгі көрсеткіштердің басым бөлігі осы басқарманың жұмысына байланысты қалыптасады деген пікір айтты.

-Оқыту, кеңес беру жұмыстары аудан орталықтарында ғана жүргізіліп келеді. Осымен бітті. Тағы да қайталап айтамын: ауылдарға, елді мекендерге бару керек. Нәтиже сонда ғана болады, – деді облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ басқарама басшысына.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив