KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Семейлік мұғалімдерді мектеп алдындағы жол қауіпсіздігі мәселесі алаңдатады

20.02.2013, 18:00 136


Семей қаласындағы жанында интернаты бар № 42 жалпы орта мектебінің ұжымын мектеп алдындағы жол қауіпсіздігі, спорт залының құрылысы сияқты мәселелер алаңдатады , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей қаласы әкімінің орынбасары З.Р. Исабаева жанында интернаты бар № 42 жалпы орта мектебінде болып, оқушылардың тамақтану жағдайымен, мектептің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты. Мектеп ұжымымен кездесу барысында жас ұрпақтың тәрбиесі мәселесі сөз болды.

Мектеп мұғалімдері жиында мектепке спорт залын салу, мектеп алдындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қанатбек Жуанышев хабарлағандай, мектепте қазір 575 оқушы білім алады, оның 108-і интернатта тұрып оқиды.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив