KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 6 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Бұқтырма су қоймасының үстінен көпірді корейлер салатын болды

17.02.2013, 18:00 91


Оңтүстік Корея кәсіпкерлерімен Бұқтырма су қоймасының үстінен салынатын көпір құрылысы туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстың көлік-логистикалық жүйесі мен Күршім ауданының экономикалық дамуына ықпал ететін меморандум облыс әкімдігі мен «POSCO Engineering & Construction Co., Ltd.» акционерлік қоғамының еліміздегі филиалының арасында жасалды. Облыс әкімінің орынбасары Айтқазы Шерубаевтың төрағалығымен өткен кеңес барысында өзара түсінушілік пен ынтымақтаса жұмыс істеудің екі тарапқа да үлкен пайда әкелетіні ерекше атап көрсетілді.

– Бұл жобаның аймақ үшін маңызы өте зор. «POSCO Engineering & Construction Co., Ltd.» компаниясының Алматыдағы филиалы Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасының үстінен салынатын автокөліктерге арналған көпір құрылысы мәселелерін зерттеп, зерделеуге атсалысады деп ойлаймын, – деді Айтқазы Шерубаев. Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары жауапты адамдарға өз ұсыныстарын да енгізуді тапсырды.

– Қазақстанда бірінші рет қыстап отырмын, – деді филиал директоры Хонг Донг-Кван. – Өмірімде осынша жауған көп қарды көрмеген едім. Бірақ, аймақтың климаттық ерекшеліктеріне қарамастан, біз көпірдің техникалық-экономикалық негіздемесін жасауға кірісіп те кеттік. Бұған кететін шығындарды да өзіміз көтеріп алып отырмыз. Сіздердің тараптарыңыздан ұсыныстар мен идеялар күтеміз және бірлесіп жұмыс істейтінімізге сенімдімін.
Сөзінің соңында ол жобаның тұсаукесеріне қатысуға да ниетті екенін жеткізді. Жүргізілетін құрылыстың бірнеше жобасы да жан-жақты қарастырылмақ. Көпір құрылысы келесі жылдың көктемінде басталып, екі жылдың ішінде аяқталады деп күтілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив