KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, З
481.19 538.45 5.18

Облыста алты жүзге жуық құрылысшы жетіспейді

17.02.2013, 18:00 100


Облыста құрылыс саласында кадр тапшылығы өткір тұр. Дәл бүгін өңірімізде алты жүзге жуық құрылысшы жетіспейді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұлардың қатарында 113 тас қалаушы, 53 сылақшы, 35 ағаш шебері, 33 бетондаушы-ағаш шебері, 30 әрлеуші, 26 сылақшы-бояушы маманы бар.

Соған байланысты облыстық құрылыс басқармасы қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне құрылыс мамандығы бойынша кадрларды оқытып, даярлау қажеттігі жөнінде ақпараттар жолдаған.

Бұл бағытта қазір облыстық білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларымен, жергілікті әкімдіктермен бірлескен іс-шаралар орындалуда.

right]Мәлімет көзі: Аltaynews.kz[/right]




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив