KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
481.19 538.45 5.18

ШҚО-да аспаздар жетіспей жатыр

2.11.2018, 06:11 130

Адам сенгісіз жағдай, алайда қанша оқытып жатсақ та, облыста аспаздар әлі де жетіспейді. Биыл осы мамандықты 120 адам қысқа мерзімді курста меңгеріп шығыпты. Олар жұмыспен жүз пайыз қамтылған, сұраныс әлі де бар екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


- Үстіміздегі жылы біз дайындаған мамандардың арасында жүз пайыз жұмыспен қамтылған мамандық түрлері төмендегідей: ағаш өңдеу станоктарының өңдеушісі(28 маман), кран машинисі (19), ағаш кесуші (12), тырнақ әрлеуші (49), тракторшы-машинист (206), -дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкова.


Басшының айтысына қарағанда, ауыл шаруашылығы саласында әсіресе агрономдар, ветеринар дәрігерлер, тракторшылар мен механизаторлар тапшы. Автобус жүргізушілері қажет. Тіпті, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын бір фирма автобус жүргізушілерін өз қаражатына оқытуға, оларды қоныс аудару бағдарламасы аясында басқа облыстардан көшіріп әкелуге, көтермеақы төлеп, баспанамен қамтамасыз етуге де әзір.


Елена Старенкова болашағын техникамен байланыстырғысы келетін жастарға автобус жүргізушісі мамандығына назар аударуға кеңес береді. Әдеттегідей мұғалімдер мен дәрігерлерге сұраныс көп. Ауылды жерлерде ағылшын тілі, информатика пәндерінің мамандары, физиктер жетіспейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив