KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Мүгедек жандардың жалақысының 70 пайызын алты ай бойы мемлекет тарапынан субсидиялау көзделген

24.01.2013, 18:00 184


Биыл облыста мүгедек жандарды еңбекпен қамту жөнінен қанатқақты жоба қолға алынады. Алты ай бойы олардың жалақысының 70 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Ольга Кузовлеваның мәліметіне сілтеме жасап.

-Биыл облыста мүгедек жандарды еңбекпен қамту жөнінен қанатқақты жоба қолға алынбақ. Алты ай бойы олардың жалақысының 70 пайызын мемлекет тарапынан субсидиялау да көзделген, - деді Ольга Кузовлева жыл қорытындысына арналған есепті жиында.

Тұрғындарды әлеуметтік жағынан қолдаудың тағы бір тиімді тәсілі – оларға жеңілдетілген шағын несиелер беру. Олардың дені мал, құс, омарта шаруашылығымен айналысам деуші азаматтарға бөлінген. Биыл осындай несие қорында 6,6 миллиард теңгенің қаржысы бар. Енді тек нақты жұмыспен шұғылдану қажет. Қаражат тиімді іске жұмсалуы тиіс. Алайда, жергілікті әкімдіктер осы шаруамен айналысып, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеудің орнына дайын қаржыдан бас тарта салуды жөн санайды.

– Аудандарда жұмыспен қамту тек осы сала бөлімінің ісі деген көзқарас қалыптасқан. Бірақ, бұл – мемлекеттік маңызды іс, сондықтан баршамыздың ортақ шаруамыз екенін ұмытпауымыз абзал, – басқарма бстығы дейді Ольга Кузовлева.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив