KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Қаржы полициясында студенттерге арналып ашық есік күні ұйымдастырылды

15.02.2013, 18:00 169


Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясы) «Ашық есік күні» өткізілді. Осы шара шеңберінде департамент мамандары өтінішпен келген 8 адамды қабылдап, олардың әрқайсымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ШҚО бойынша ЭСЖКД баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар Құмаш Нұрғалиев атындағы колледждің экономика және құқық кафедрасының студенттеріне қаржы полициясының қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы дәріс оқыды. Болашақ құқық қорғаушыларға сыбайлас жемқорлық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары түсіндірілді.

Студенттер бейнеақпарат пен көрнекі материалдар арқылы департамент мамандарының спорттағы жетістіктерімен, қызметкерлердің жұмыс кабинеттерімен танысты. Қаржы қызметкерлері болашақ әріптестеріне «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты буклеттер таратты. Жастарға оқу тәжірбиесі, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кадр бөлімі қызметкерлері толық ақпарат берді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив