KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
471.83 505.66 5.4

Өскеменде жүйке дертіне шалдыққан балаларға арналған күндізгі орталық ашылды

13.02.2013, 18:00 223


Өскеменде жүйке дертіне шалдыққан балаларға арналған күндізгі орталық ашылды.Қазір орталықта 15 бала тіркелген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының жанынан ашылған мекеменің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік өмірге бейімдеумен айналысып келген-ді.

– Бізге жазыламын деушілер көп болғанымен әзірге бәрін қабылдай алмаймыз. Қазір орталықта 15 бала тіркелген. Болашақта бұл мәселенің де шешімі табылар деген үміттемін, – дейді орталықтың директоры Сәния Әубәкірова.

Орталықта балалармен логопед, психолог, әдіскер мамандар жұмыс істейді. Мұндағы балалардың ең кішісі бір жарым жаста болса, үлкені он сегізде екен.

Орталық директорының сөзіне айтуынша, әсіресе, иппотерапия қызметіне жүгінетіндердің қарасы көп көрінеді. Қазірдің өзінде мұндай қызмет 80-ге жуық балаға көрсетілуде.

Ал сәуір айында Винное ауылындағы ипподром орталық қарамағына өткеннен кейін, тек мекемедегі тәрбиеленушілер ғана емес, үйде қызмет көрсетілетіндерге де атқа мінгізіп, емдеу шаралары қолданылатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив