KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Тарбағатайда дінтану негіздерін оқыту мәселелері талқыланды

12.02.2013, 18:00 129


Аудандағы жалпы білім беретін мектептерде дінтану негіздері пәнін оқытудың мәселелері мен оларды шешу жолдарын талқылаған семинар өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Семинарға аудандық білім беру бөлімінің мамандары, дінтану пәнінің мұғалімдері, Ақсуат мешітінің имамы және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ішкі саясат бөлімінің дін істері бойынша нұсқаушысы Н.Нұрсейітова білім ошақтарында дінтану негіздері пәнін оқытудың мәселелері туралы әдістемелік баяндама жасады.

Сондай-ақ К.Нұрбаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі З.Шұқыжанова өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.
Мұғалімдерге ұсынылған әдістемелік жұмыстарға талдаулар жасалып, пікірлер айтылды. Алдағы уақытта әдістемелік көмек беру мақсатында кездесулер өткізу, өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив