KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Аймақтағы тірек ауылдарының тең жартысы бас жоспарсыз отыр

10.02.2013, 18:00 133


Аймақтағы 50 тірек ауылының бас жоспарын жеделдетіп жасауға тапсырма берілгенімен, бүгінде олардың тең жартысынан астамы құжатсыз отыр , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазіргі күні бас жоспар Семей қаласы мен Аягөз, Бесқарағай, Күршім, Бородулиха және Көкпекті аудандарындағы 21 ауылда ғана жасалыпты.

Жарма, Зайсан, Ұлан аудандарындағы 8 ауылдың бас жоспарын жасау енді ғана қолға алын-
ған.

Глубокое, Зырян, Катонқарағай, Шемонайха аудандарындағы 13 тірек ауылының жоспары биыл жасалмақ.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Е.Ясинскаяның айтқанындай, Абай, Тарбағатай, Үржар аудандары бойынша осы өңірлердегі 8 тірек ауылының бас жоспарын жасауға биылға қаржы қарастырылмаған.

Аудандарда тірек ауылдарын дамытудың 2013-2014 жылдарға арналған кешенді жоспарын жасау да сылбыр жүргізіліп жатыр. Өндіріс орындарын құру, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар әзірге күткендегідей нәтиже бере қойған жоқ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив