KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
480.11 532.25 5.14

Зырян мен Риддер бағыттарына жаңа поездар қатынайтын болды

7.02.2013, 18:00 179


Кеше « Өскемен вокзалы-1» станциясында Өскемен-Зырян, Өскемен-Риддер бағыттарында қатынайтын жаңа жолаушылар поездарының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Зырян мен Риддер бағыттарына жаңа поездар қатынайтын болдыЗырян мен Риддер бағыттарына жаңа поездар қатынайтын болды

Көрші қалаларға жолаушыларды тасымалдаумен енді екі жеке компания – «Solux Экспресс» және «Тұран Экспресс» айналысатын болады. Жөндеуден өткен вагондардың ішінде бұрынғыдай сөрелер жоқ, жолаушылар қатар тізілген орындықтарға отырады.

Өте ыңғайлы орындықтар ұшақтағыдай жасалған, бұдан басқа желдеткіш, теледидар және жолсерікті шақыратын тетік бар. Тіпті велосипед пен шаңғыларды орналастыратын арнайы орындар да қарастырылған.
Вагондарда азық-түлікті салып қоятын тоңазытқыштар да бар.

Ең бастысы, поезд экономикалық жағынан өте тиімді екен. Бұдан былай поездар аптасына 4 рет жүретін болады. Бұрын осы қаражатқа үш-ақ рет қатынауға болатын. Оның үстіне вагондар электр қуатымен жылытылатындықтан, бұрынғыдай көмір жағылмайды, демек вагондардың ішінде тазалық сақталады.

Жаңа вагондардың тұсау кесеріне қатысқан облыс әкімі Б.Сапарбаев алдағы уақытта ауылдарға да осындай вагондарды жүргізудің мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Маңайдағы қалаларға қатынайтын поездардың жол билеті 460 теңгеден басталады.

Айна Ескенқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив