KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Қалбатауда көмір қымбат бағамен сатылып жатыр

5.02.2013, 18:00 115


Таяуда Қалбатау ауылдық округі әкімдігіне аудан орталығының тұрғынынан көмір тасымалдайтын жеке кәсіп иелері отынның тоннасын 9500 теңгеден сатып, қара алтынның бағасын күрт өсіргендігі жайында хабар келіп түсті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бағаны бақылауда ұстайтын аудандық штаб мүшелері осы жәйтті негізге ала отырып, көмір тасымалдап, сататын жергілікті кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырды.

Кәсіпкерлер отынның қымбаттауына ең алдымен, көмір шығаратын «Қаражыра» кен орны тарапынан бағаның көтерілуі себеп болғанын алға тартты. Олар бұған дейін көмірдің әр тоннасын 3700 теңгеден сатып келсе, енді оның бағасын 4200 теңгеге көтерген екен. Сол сияқты биылғы қыстың ерекше қарлы болуы да отынның қымбаттауына өз әсерін тигізбей қоймапты.

Штаб мүшелері өз кезегінде көмір тасымалдаушыларға тұрғындардың арыз-шағымдарына түсіністікпен қарап, көмірді қолжетімді бағамен ұсынуға күш жұмсау қажет екенін ескертті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив