KZ
Өскемен
+1°
ясно Штиль
447.25 485.18 4.96

Тарбағатайлық боксшы Азия чемпионатына барады

5.02.2013, 18:00 155


Тарбағатай ауданының спортшысы Тимур Ержанов бокстан Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері атанып, жасөспірімдер арасында өткізілетін Азия чемпионатына жолдама алды.


Бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты Қарағанды қаласында өткен болатын. Бұл жарысқа Алматы, Астана қалаларынан, еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлер жиналып, бақтарын сынаған еді.

Тарбағатайлық Т.Ержанов республикалық чемпионатта ШҚО құрама командасының сапында 75 кг салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетті.

Жарыстың қортындысы бойынша Т. Ержанов ІІІ-орынды жеңіп алып, Қазақстан Республикасының чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Бокстан жасөспірімдер арасында өткізілетін Азия чемпионатының жолдамасына ие болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив