KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1,2 м/с, ОШ
481.19 538.45 5.18

Алматы түбінде құлаған әуе лайнерінің апатқа ұшырау себептерін тексеруге канадалық мамандар қатысады

31.01.2013, 18:00 184


Алматы түбінде апатқа ұшыраған «СКАТ» авиакомпаниясының CRJ-200 лайнерінің құлау себебін анықтауға канадалық мамандар тартылды деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Канаданың көлік қауіпсіздігі кеңесі (TSB) Bombardier CRJ 200 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру үшін Қазақстанға өзінің өкілетті өкілін жіберді» деп жазады Tengrinews.kz.

TSB өкілі Bombardier и Transport Canada компанияларының техникалық кеңесшілер мен сарапшылар командасын басқарады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы түбінде құлаған әуе лайнерін Канаданың Bombardier Inc авиақұрылыс компаниясы шығарған.

TSB – теңіз, теміржол және әуе көліктеріндегі оқиғаларды тексеретін тәуелсіз агенттік. Агенттіктің мақсаты – көлік қауіпсіздігін жақсарту. Кінәлілерді анықтау мен оларды жазалау TSB құзырына кірмейді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 29-қаңтарда Алматы маңында «СКАТ» авиакомпаниясының "Chellenger-200" лайнері апатқа ұшырады. Оның бортында болған 5 зкипаж мүшесі мен 16 жолаушы қаза тапты. Қазаға ұшырағандардың ішінде 2 жасар сәби бар.

Осы оқиғаға қатысты Бас көлік прокуратурасы қылмысты іс қозғады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив