KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 1,1 м/с, В
481.19 538.45 5.18

Ауа райының қолайсыздығы екі рет ескертілген

30.01.2013, 18:00 85


Алматы түбінде апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. «Скат» компаниясына қарасты қара жамылған 760-рейс Көкшетау қаласынан Алматыға көтерілмес бұрын еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірінде ауа райы әуел бастан ақ бұзылып тұрған екен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі 24kz телеарнасының хабарына сілтеме жасап.

«Бұл мәліметті ұшақтың бас командирі біле тұра әуеге көтерілді» дейді еліміздің метеоболжаушылары. Қазір ғана ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қарасты еліміздегі жалғыз метеоболжаушы мекеме «Қазаэросервис» АҚ-ның вице-президенті, инженер-синоптик Гұлсағида Жігітшеева Алматы түбінде апатқа ұшыраған әуе кемесінің командиріне әуеге көтерілмеу туралы бір емес екі қайтара ескерту берілгені туралы мәлімдеді.

Әуені қалың тұман басқаны туралы бірінші мәліметті әуе кемесінің командирі әуеге көтерілмес бұрын бір сағат бұрын алған. Қазір Гүлсағида Жітітшеева 4 парақ қағазға сыйған мәліметттердің көшірмесін көрсетіп жатыр. Синоптиктің пікірінше, мұндағы сандар ауа райының қолайсыздығы туралы анық айтып тұр" дейді телеарна тілшісі.


«Қазаэросервис» АҚ-ның вице-президентінің айтуынша, метеоболжамның дәлдігі 97,1%-ды құрайды. Соңғы 12 жылда болжамдар дәл орындалып келген. Өкінішке қарай, синоптиктер ұшақты ұшырмауға құзіретті емес.

Сонымен көктегі ауа райының аса қолайсыздығы туралы «Скат» компаниясы да білген. Ал Көкшетаудағы әуежай басшылығы "рейсті «Скат» жасайды" деп басын ала қашып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив