KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

Нұрсұлтан Назарбаев 31-қаңтарды Қаралы күн деп жариялады

29.01.2013, 18:00 198


Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 31- қаңтарды Алматы маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына орай Қаралы күн деп жариялады, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

ҚР Президенті құқық қорғау органдары басшыларымен өткізген кеңесті Алматы маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан бастады.

Мемлекет басшысы Көкшетаудан ұшып келген ұшақ Алматы түбінде апатқа ұшырап, азаматтар қаза болғанын айта келе, осыған байланысты олардың туған-туысқандарына тағы да көңіл айтты.

«Осы қайғылы оқиғаға байланысты ертеңгі күнді еліміз үшін Қаралы күн деп жарияладым.

Апатқа байланысты арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ қаза болған ел азаматтарының жақындарына қолдау көрсетіледі»,-деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив