KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Мұғалімдер шаңғы жолына шықты

28.01.2013, 18:00 66


Ұлан ауданы Восточное ауылындағы Қазанның 17 жылдығы атындағы мектепте мұғалімдер арасында «Шаңғы-2013» жарысы өтті.

«Күнделікті дене қимылының белсенділігі – денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің кепілі!» атты ұранмен өткен бұл спорттық шарада мектеп директоры С.Гайсина бастаған барлық мұғалімдер мен қамтушы қызметкерлер жарыс жолына шықты.

Өте қызықты өткен жарыста жас мұғалімдер арасынан Т.Левченко, Ж.Көкебаева және Ж.Оспанова алдыңғы орындардан көрінсе, орта буын мен елу жастан асқан мұғалімдер арасынан З.Левченко, Е.Бережная, сондай-ақ, В.Гречушников және К.Нұрғамиланов ағарып алдан көрінді. Жүлделі орындарға ие болғандар мақтау қағаздарымен марапатталды.
.
Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив