Ұлан ауданы Мамай батыр ауылындағы орта мектепте аудандық «Тіл дарын-2013» олимпиадасы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Шарада 18 бен 30 жас аралығындағы 9 мұғалім қазақ, ағылшын және орыс тілдерін меңгеру бойынша сынға түсіп, тұсаукесер және баспасөз мәслихатын өткізіп, арнайы тақырыпқа эссе жазды, мәтінге ілеспе аударма жасады.
Сайыста жан-жақтылығын танытқан Ломоносов орта мектебінің мұғалімі Е.Абраимова бас бәйгені жеңіп алса, Саратовкадағы Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Д.Ахмадиева, айыртаулық Я.Асқарова және Қасым Қайсенов орта мектебінің мұғалімі А.Мақпозова 1-3 орындарды иеленді.