KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 2 м/с, ОШ
459.6 493.06 5.38

Прапорщиково ауылында су басу қаупі төнді

23.12.2012, 18:00 131


Глубокое ауданындағы Прапорщиково ауылының қасынан өтетін Ертіс өзенінде су көтерілгендіктен жер асты суларының деңгейі жоғарылады. Соның салдарынан 3 тұрғын үйді су басып қалу қаупі туындады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, су басу қаупін жою үшін оқиға орнына екі КамАЗ көлігімен шлак жеткізіліп , ұзындығы 40 метр, биіктігі 60 см ыдыс-қаптан жасалған бөгет қойылды. Оқиға орнында облыстық ТЖ департаменті мен жергілікті атқарушы биліктің адамдары жұмыс істеді. Қазір жағдай тәулік бойы бақылауға алынған.



Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив