KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 3 м/с, З
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

"Қаламқастың" өнерпаздары көлік мінді

20.12.2012, 18:00 245


Жақында «Қаламқас» халықтық ән-би ансамблі Семей шаһарында өнер көрсетіп қайтты.

Абай театрына жиналған өнер жанашырлары бұл жолы да осыдан қырық жыл бұрын ұлылар
елінде құрылған аталмыш ұжымның өнерпаздарына риза болды. «Қаламқастың» Баян Сағымбаева, Бақыт Шағатаева, Нағия Бұланбаева сынды саңлақтарымен бірге өнер көрсеткен кейінгі толқын өкілдері, сондай-ақ, «Шыңғыстау» ұлт-аспаптар оркестрі мен «Сырнай» тобының мың бұралған бишілері өнер биігінен көрінді.

Қала әкімі Айбек Кәрімов абайлықтарға деген шынайы ризашылығын білдіріп, Семей жұртының атынан ансамбльге жеңіл автокөлікті тарту етті.

Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков ұзақ жыл Абай елін қалтқсыз басқарып, «Қаламқасқа» мейлінше қамқорлық танытқан абыз ақсақал Хафиз Матаевтың иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Дәулет Сейсенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив