KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Әйгілі опера әншісі Әлия Кикенова өнер көрсетті

19.06.2014, 18:00 106



ШҚО Бесқарағай ауданыдық мәдениет үйінде бесқарағайлық опера әншісі Әлия Кикенова жерлестеріне «Санкт-Петербургтен туған жерге деген махаббатпен» атты концертін ұсынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оның концерттері Қазақстан, Ресей, Украина, Италия, Швейцария, Германия мемлекеттерінің әлемге әйгілі сахналарында жоғары деңгейде өтіп жүр.

Санкт-Петербург қаласының Құрметті азаматы Әлияның репертуарында әлемдік опера саңлақтарының шығармалары, классикалық романстар мен кеңес композиторларының, әлем халықтарының әндері бар. Аталған концертте аудан әкімі Н.Сыдықов әншіге бесқарағайлық тұрғындар атынан туған жерге көрсеткен құрметі және әсерлі концерті үшін алғыс білдіре отырып, естелік сыйлық табыс етті.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив