KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

ШҚО инновациялық өнім өндіру көлемі жөнінен 2-орында тұр

5.12.2012, 18:00 213


«Индустрияландыру картасы» бойынша Шығыс Қазақстан облысында жалпы сомасы 611 миллиард теңге болатын 39 инвестициялық жоба іске асырылуда.Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша облысымыз инновациялық белсенді кәсіпорындар саны жөнінен республикада әзірге 3-орында, ал инновациялық өнім өндіру көлемі жөнінен 2-орында тұр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ төрағалығымен өткен селекторлық режимдегі кезекті аппараттық кеңесте облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев металлургия орталығын, арнайы экономикалық аймақ, Курчатовта ғылыми қалашық құру жолында бірқатар мәселелердің орын алып отырғанына тоқталды. Сондай-ақ «Алтай» технопаркінің жұмысы туралы да сөз болды. Баяндамашы тиімділікті арттыру үшін осы парктің құрылтайшылары қатарына облыс әкімдігін енгізу мәселесін көтерді.

– Мәселені Үкімет қарауына жіберу керек. Ол технопарктің негізгі мақсаты – ғалымдардың әзірлемелерін өндіріске енгізу. Ондай жақсы ғылыми жобалар жоқ емес, бар. Енді соларды тездетіп іске қосуға көмектесуіміз қажет қой? Біз ол технопаркті не үшін құрдық? – деді облыс Әкімі.

Жиында, сондай-ақ, қазақстандық үлесті ұлғайту мәселесі қаралып, облыс Әкімінің орынбасарлары Ермек Көшербаевтың, Владимир Кошелевтің және Нұрымбет Сақтағановтың Шығыс Қазақстан мен Түркия, Ресей, Қытай, Израиль, Корея, Сауд Арабиясы елдері арасында қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы туралы есептері тындалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив