KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
441.44 473.09 4.75

Бүгін Ресейдің Қазан қаласында ШҚО күндері басталды

22.11.2012, 18:00 99


Бүгін Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында Шығыс Қазақстан облысының күндері өтуде. ШҚО делегациясын облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев бастап барды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Халықаралық әуежайда қонақтарды Татарстан Президенті Рустам Минниханов қарсы алды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, аталмыш іс-шарының аясында РФ Татарстан астанасы Қазанда Қазақстанның шығыс өңіріне қатысты картиналардың, кітаптар мен фотосуреттердің, сәндік-қолданбалы өнердің жергілікті шеберлерінің көрмесі өтеді. ШҚО-ның өнер шеберлері Ғ. Тоқай атындағы Татар мемлекеттік филармониясында өнер көрсетеді. Оған қоса Қазақстанның шығыс өңірінің жетекші өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Татарстанда өтетін ШҚО күндері аясында Кремльде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Татарстан басшысы Рустам Миннихановтың кездесуі күтілуде.

Мәлім болғандай, Татарстанның «IT-Park» жоғары технологиялар саласындағы технопаркте татарстандық және шығысқазақстандық іскерлік орталардың қатысуымен бизнес-форум өтеді, онда екі тараптың экономикалық және инвестициялық әлеуетін пайдалануға қатысты жаңа қадамдар талқыланады.

Салалық кездесулер кәсіпорындарда, министрліктер мен ведомстволарда өтеді. Ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою жоспарлануда. Айта кетейік, Татарстанда Шығыс Қазақстан облысының күндерін өткізу идеясы өңір әкіміне тиесілі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив