KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1,4 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

Терможаңғырту Семей қаласында жүйелі жүріп жатыр

1.11.2012, 18:00 118


Семейде терможаңғырту бағдарламасы бойынша алты үй жөнделіп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қала әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков Цементная, 40А және Ж.Кәрменов, 72 мекенжайларында болып, жұмысты атқарушы мердігерлермен, тұрғындармен, жекеменшік пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен әңгімелесіп, олардың ұсыныс, пікірлерін тыңдады. Цементная, 40А үйі 40 жыл бұрын тұрғызылған. Тұрғын үй бірде-бір рет күрделі жөндеуден өтпеген. Жертөледегі инженерлік құрылымдар, шатыр, электр желілері тозып кеткен. Жалпы құны 18 миллион теңгеге бағаланған жұмыс тәмамдалған соң, әр пәтер иесі ай сайын 2 700 теңге төлейтін болмақ.

– Терможаңғырту қолға алынға-ны дұрыс болды, – деді «Микронт» ПИК-інің төрайымы Ольга Семененко, – мемлекет тарапынан берілетін қаржыға тұрғындар үйлерін жаңартып жатыр. Шатырдың нашар-лығынан пәтерлердің төбесінен су ағып, жертөле, подъездер адам айтқысыз жағдайға жеткен еді.

Енді тұрғындар таза, жылы әрі жайлы жерде өмір сүретін болады.

Құрылысшылардың айтуынша, бұл тұрған үйде жұмыс 80 пайызға орындалған. Қазір шатырды қаптау жұмысы қолға алыныпты. Сондай-ақ, смета құнына подъезге қажетті домофоны бар темір есік орнату да кіргізілген.

– Жұмыс жақсы жүріп жатыр, – дей-ді қала әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков, – халықтың наразылығын байқамадым. Терможаңғырту бағдарламасына сеніммен қарап отыр. Тек құрылысшылар жұмысты тездетуі керек. Күзде жауын көп, бұл шатырдың дұрыс жабылуына кедергі келтіреді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив