KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Қожалық басшысы әр сәбиге 100 мың теңге тағайындапты

27.08.2012, 18:00 91


Михайличенково аудандағы тірек ауылдарының қатарына енген. Осы бағдарламаға сәйкес бүгінде ауыл көшелерінің ажары кіріп, әлеуметтік нысандардың саны көбейген. Ауылдағы фельдшерлік амбулаториялық пункт ел игілігіне қызмет етіп тұр. Осы ауылдағы «Ассорти» шаруа қожалығының басшысы Игорь Шевченко өз қаражатына амбулаториялық пунктті бастан-аяқ жөндеп шығыпты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Бұл пункт бұрыннан жұмыс істеп тұрған, бірақ істеп тұрды деген аты ғана болатын. Қыста азынаған суық, шатыры нашар болды. Жөндеу жұмыстарына 2,5 млн. теңге жұмсадық, – дейді ол.

Сыртқы жұмыстары аяқталып, қазір бөлмелері жұтындырыла жөнделіп жатқан жап-жаңа ауылдық әкімдік үйі де бұл елді мекеннің ажарын ашып тұр. Пошта, шаштараз сияқты халыққа қызмет көрсету орындары да осы ғимараттың ішінен орын тебетін болады. Орталық саябақтың ішіндегі боздақтар рухына қойылған ескерткіш, футбол, волейбол алаңдары ауыл жастарының көз қуанышына айналары сөзсіз. Жүргізіліп жатқан құрылыстың түгелі қыркүйек айында толық мәресіне жетпек.

Ауыл тұрғындарымен кездескен облыс басшысы мен құқық қорғау органдарының өкілдері ауыл тұрғындарының уәждеріне құлақ түрді. Михайличенковолықтардың ең бір өзекті мәселелері байланыс жағы екен. Мұнда құрылған терминалдар сапасыз қызмет көрсетеді, тұрғындардың дені зейнеткерлер болғандықтан терминалды пайдалану қарт адамдарға қиындық тудыратын көрінеді. Облыс басшысы бұл мәселенің шешімін қарастыратынын айтты.

Ауылдағы «Красный Яр» шаруа қожалығының басшысы Сергей Быков болса, 116-ақ тұрғыны бар шағын ауылда адам санының көбейгенін қалайды. Облыс басшысының «Биыл қанша адамға көбейдіңдер?» деген сұрағына ол: «1,5 миллионға шығып отырмыз» деп жауап берді. Қожалық басшысы ауылда дүниеге келген әр сәбиге 100 мың теңгеден көтерме сыйақы тағайындапты, биыл Красный Яр ауылында 15 сәби дүниеге келген екен.

– Біз ауыл тұрғындарына демеу көрсетіп, шағын ауылдың шашауын шығармай ұстап, көркейтіп отырған осындай азаматтарға алғыс айтуымыз керек. Мұндай мәрттікті кез келген кәсіпкер жасай алмайды, – деді облыс Әкімі.

Биыл ауылдың орта мектебінің табалдырығын 8 бала аттағалы отырса, мектепке дейінгі дайындық сыныбына 12 бүлдіршін қамданып отыр екен. Бұған қарап, ауылда бала туу санының артып келе жатқанын байқауға болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив