KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 3 м/с, В
441.79 478.77 4.9

Бұл желдеткіш құрылғы Үлбі суын ластамауға көмектеседі

16.08.2012, 18:00 139


«AES Өскемен ЖЭО» акционерлік қоғамында құны 2,5 миллиард теңгені құрайтын сумен қамтудың айналмалы жаңа жүйесі – желдеткіш градирня ашылды.

Аталмыш жаңа жүйе су үнемдеумен қатар, пайдаланылған техникалық судың өзенге ағызылуын 47,9 пайызға азайтады. Демек, Үлбі өзенінің экологиялық жағдайы жақсара түседі. Сонымен қатар, градирняның іске қосылуы Өскемен ЖЭО-ның электр қуатын өндіру көлемін жылына 145 миллион кВт/сағ. арттырады деп күтілуде.

Жаңа ноу-хау технологияның ашылу салтанатына облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ, еліміздегі АҚШ-тың Төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфакс, AES корпорациясының атқарушы вице-президенті Эндрю Визи және осы корпорацияның ТМД бойынша вице-президенті Майкл Центер қатысты. Салтанатты жиын барысында сөз сөйлеген аймақ басшысы қолданысқа енгізілгелі тұрған жаңа жүйенің маңыздылығына тоқталып өтті.

– Атқарушы биліктің алға қойған негізгі міндеттерінің бірі – жергілікті халықты үздіксіз электр және жылу көз-дерімен қамтамасыз ету. Қуат көздерін пайдалана отырып біз оның экологиялық талаптарға сай болуын, қоршаған ортаға зиян келтірмеуін жіті қадағалап отыруымыз қажет. Бүгінгі іске қосылып отырған сумен қамтудың айналмалы жаңа жүйесі Қазақстан Республикасы Су кодексі талаптарына сәйкес келеді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін негізге алатын болсақ, AES бүгінде жергілікті билікпен тығыз қарым-қатынас орнатып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды корпорация одан ары жалғастырады деп сенемін, – деді облыс Әкімі.

Сондай-ақ, облыс Әкімі AES басшылығына компанияның Қазақстанда жұмыс істеген 15 жылдық мерейтойлары қарсаңында әлеумет үшін «15 жарқын іс» акциясын ұйымдастыруды ұсынды.

– Бұқара үшін істелетін мұндай игі істер компанияның мерейін асырып, шоқтығын биіктетумен қатар, ел арасындағы абыройын да асқақтата түседі, – деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде Кеннет Фэйрфакс қолданысқа берілген желдеткіш градирняның жай-күйіне тоқтала келе, Өскемендегі бұл құрылыс екі ел арасындағы ынтымақтастықтың айқын көрінісі екендігін тілге тиек етті. Корпорация жетекшілері де AES компаниясы қазақ жеріне келгеннен бері елдің энергетикалық секторына айтулы өзгерістер еніп, мамандардың біліктілігі мен осы саладағы инновациялық технологиялардың дамып жатқанын айтты. Жаңа технологияның ашылу салтанатының ең маңызды сәті желдеткіш градирняның түймесін басып, құрылғыны іске қосқан соң барлық қонақтар оның жұмыс істеу механизмімен танысты.

Аталған жаңа салқындату жүйесінің жұмыс қағидасы да ерекше. Пай-даланылған техникалық ыстық су жүйе бойымен қозғала отырып градирняда салқындатылады, одан соң сорғылардың көмегімен қайта пайдаланылу үшін конденсаторларға беріледі. Бұрын Үлбі өзеніне төгіле салатын пайдаланылған ыстық су бұдан былай желдеткіш градирняларда қажетті температураға дейін салқындатылып, қайта пайдалануға беріледі. 6 секциялық градирняда судың шығыны сағатына 24 000 текше метрді құрайды. AES басшылығының айтуынша, бұл жаңа жүйе компанияның облыс энергетикасын дамытуға және Қазақстан энергожүйесінің сенімділігін арттыруға қосқан маңызды үлесі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив