KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, В
471.83 505.66 5.4

Әділбек Ниязымбетов "күміске" қол жеткізді

12.08.2012, 18:00 198


Қазақстан құрамасының қоржыны Әділбек Ниязымбетовтің күміс медалімен толықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

81 келі салмақ санатында жұдырықтасқан боксшымыз Әділбек Ниязымбетов финалда ресейлік Егор Мехонцевпен Олимпиада «алтын» медалін сарапқа салып, тең түскенімен төрешілер шешімімен ұтылып қалды.

Әділбек 1/8 финалда эквадорлық Карлос Гонгора Меркадоны, ширек финалда ирандық Эхсан Роузбаханиді, ал жартылай финалда украиндық Александр Гвоздюкті жарыс жолынан ұтқан болатын.

Әділбек Ниязымбетов Бакуде бокстан болған Әлем чемпионатында Қазақстан үшін бірінші олимпиадалық жолдаманы таза нокаут арқылы ұтып алған еді. 21 жастағы ақтаулық боксшы еңбек сіңірген спорт шебері. Ол 2007 жылы өткен халықаралық турнирде, 2008 жылы республикалық турнирде, осы жылы «Азов теңізі кубогі» халықаралық сайысында, 2009 жылы «Жібек жолы» халықаралық турнирінде 1-ші орынды иеленген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив