KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Аягөздіктер мешіт құрылысына екі күн көмектесті

5.08.2012, 18:00 133


Өскеменде салынып жатқан сәулетті мешіт құрылысына осы аптада аягөздіктер келіп, өз үлестерін қосты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жер шалғай болса да, алыссынбай келген аудан азаматтары жұмысқа ертемен кірісуді ойлап, облыс орталығына қонаға жеткен екен. Ертеңіне таңбозынан жұмысқа кіріскен олар Алла үйінің құрылысындағы ең ауыр жұмыстарға бел шешіп атсалысты.

– Облыс Әкімі Бердібек Сапарбаевтың игі бастамасына бүкіл Аягөз жұрты қолдау көрсетіп жатыр. Осында жүрген азаматтарымыз ораза айында келіп, осындай игілікті шараға қатысып жатқанына бек қуанышты. Тіпті, кезекті еңбек демалысында жүрген кейбір қызметкерлер «мен барайыншы» деп, өз еркімен сұранып келген жайы бар. Осыған қарап-ақ біздің азаматтардың жұмысты қалай істеп жатқанын аңғару қиын емес, – дейді Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Сүттібаев.

Иә, еңбек майданында тер төгіп жатқан отыздан астам аягөздіктің ширақ қимылы әкім орынбасарының бұл сөзін дәлелдей түскендей. Олардың құрамында мемлекеттік қызметшілерден басқа спортшылар да бар екен.

Мешіт құрылысына бұдан бұрын келген аудандар тек бір күн ғана еңбектеніп қайтса, Глубокоеден кейін екі күн қатарынан көмектескен осы – аягөздіктер.
Олар қолдарына күрек алып, көмектесіп қана қоймай, бұдан бұрынғы аудандардың дәстүрімен түс әлетінде құрылыс басында жүрген 300 адамға түстік ас берді.

– Қазір мешіт құрылысының ішкі-сыртқы әрлеу, күмбезін орнату, сондай-ақ, маңайына асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, 30-дай мердігер мекеме жұмыс істеуде. Ендігі жерде олардың әрбіреуі нақты жос-пар бойынша жұмыс істесе, құрылысты мерзімді уақытта бітіруге мүмкіндік бар.

Негізгі жұмыстардың дені аяқталды. Бір-бірін тосып жүрген мекемелер де жоқ емес. Соңғы уақытта аудандардан келген көмектер айтарлықтай қомақты болып тұр, – дейді «Стройэффект» ЖШС директорының орынбасары Қайрат Ақботин.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив